29.09.2022, 10:13 22101

Қазақстанда бір тәулік ішінде 95 адам коронавируспен ауырды

Пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 393 468 жағдай тіркелді.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 95 адам коронавируспен ауырды
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 95 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 393 468 жағдай тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаңа жағдайлар анықталды: 
 
Астанада - 20, 
 
Алматыда - 10, 
 
Ақмола облысында - 14, 
 
Ақтөбе облысында - 4, 
 
Жетісу облысында - 2, 
 
Атырау облысында - 1, 
 
Шығыс Қазақстан облысында - 1, 
 
Батыс Қазақстан облысында - 4, 
 
Қарағанды облысында - 17, 
 
Ұлытау облысында - 3, 
 
Қостанай облысында - 11, 
 
Қызылорда облысында - 1, 
 
Маңғыстау облысында - 2, 
 
Павлодар облысында - 3, 
 
Солтүстік Қазақстан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 90 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 378 530 адам сауығып кетті. 
 
27 қыркүйекте Қазақстанда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілерімен пневмонияның 6 жағдайы анықталды. 1 адам (КВИ-)-ден қайтыс болды.
 
29 қыркүйекке КВИ-ден 1 366 адам (1 248 КВИ+ және 118 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 131 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 235 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 7 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 6 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 834 783 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 591 106 адам вакцинацияланды. 5 532 311 адам ревакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны