04.11.2022, 13:19 25021

Қазақстанда бір тәулікте 51 адам коронавирус жұқтырды

КВИ-ден 735 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 51 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 888 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 қарашада КВИ-ден 735 адам (590 КВИ+ және 145 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 79 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 656 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 4 пациент,
 
- аса ауыр халде – 3 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
2 қарашада коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 843 720 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 606 256 адам вакцинацияланды. 5 619 798 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны