21.10.2022, 13:33 38246

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 36 жағдайы тіркелді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 қазанда КВИ-ден 978 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 36 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 442 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 21 қазанда КВИ-ден 978 адам (828 КВИ+ және 150 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 108 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 870 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 3 пациент,
 
- аса ауыр халде – 5 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
19 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 841 112 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 601 773 адам вакцинацияланды. 5 590 236 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны