03.11.2022, 13:33 8861

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 49 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 840 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 49 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 837 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қарашада КВИ-ден 840 адам (690 КВИ+ және 150 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 72 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 768 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 5 пациент,
 
- аса ауыр халде – 3 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
1 қарашада коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 843 420 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 605 846 адам вакцинацияланды. 5 616 462 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны