12.10.2022, 13:32 14716

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 50 жағдайы тіркелген

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 50 жағдайы тіркелген
Сурет: pixabay.com
Астана. 12 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 50 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 078 жағдай тіркелді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
10 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
12 қазанда КВИ-ден 1 039 адам (902 КВИ+ және 137 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 106 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 933 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 5 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 838 343 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 598 000 адам вакцинацияланды. 5 566 774 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны