14.10.2022, 13:38 14896

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 50 жағдайы тіркелген

14 қазанда КВИ-ден 1 008 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 14 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 50 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 186 жағдай тіркелді.
 
12 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
14 қазанда КВИ-ден 1 008 адам (866 КВИ+ және 142 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 110 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 898 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 2 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 839 156 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 599 110 адам вакцинацияланды. 5 573 357 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны