13.10.2022, 14:09 15146

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 58 жағдайы тіркелген

5 570 033 адам ревакцинацияланды.
Астана. 13 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 58 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 078 жағдай тіркелді.
 
11 қазанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
13 қазанда КВИ-ден 1 075 адам (933 КВИ+ және 142 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 106 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 969 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 4 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 838 699 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 598 498 адам вакцинацияланды. 5 570 033 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны