14.02.2022, 17:29 19171

Қазақстанда ҰБТ өткізу ережелері өзгерді

Өзгерістер мүгедектердің ҰБТ тапсыру тәртібіне қатысты.
Қазақстанда ҰБТ өткізу ережелері өзгерді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 14 АҚПАН - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығына түзетулер енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өзгерістер мүгедектердің ҰБТ тапсыру тәртібіне қатысты. Атап айтқанда, тестілеуден өту үшін оларға қосымша 40 минут беріледі.
 
Құжатта тестілеуге әкелуге тыйым салынған құрылғылардың тізімі де нақтыланған. Оларға пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, смартфондар, рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт-сағаттар, сымды және сымсыз құлақаспаптар, микронаушниктер, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құралдары, сондай-ақ басқа да ақпарат алмасу құрылғылары жатады.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны