28.09.2021, 19:14 70873

Қазақстанда COVID-19 індетінен өлім-жітім шамамен 3 есе азайды

НҰР-СҰЛТАН. 28 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстандағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсаруда. Барлық өңірлерде бір ай ішінде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеді. Репродуктивтілік саны – 0,88.
 
Денсаулық сақтау министрі тамыздың екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалатынын, ауру 3,2 есе, ал өлім 2,7 есе азайғанын айтты.
 
Сондай-ақ, стационарлық емделуде жүрген науқастар санының 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйектегі жағдай бойынша 10,5 мың адамға дейін 2,4 есе азайғаны байқалады. Амбулаториялық емдеуде науқастар саны 89 мыңнан 51 мыңға дейін 1,7 есеге азайды.
 
Оның айтуынша, 1 тамыздан бастап елімізде инфекциялық төсек-орындардың жүктемелену деңгейі 56%-дан 33%- ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктемеленуі 45%-дан 32%-ға дейін төмендегені байқалады. Бұл ретте республика бойынша 57 ковидті стационар немесе 25 мың төсек-орын жабылды.
 
Үкімет басшысы халықты вакциналауды жалғастыруды және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
 
Премьер-Министр күзде көбірек таралатын тұмау және басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажет екенін атап өтті.
 

Халықты тұмауға қарсы вакциналауды жандандырып, медициналық ұйымдардың тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету қажет", — деді А. Мамин.

 
Үкімет баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тұмауға қарсы вакциналау үшін 2,5 млн доза вакцина дайындалды. Қазіргі уақытта бірінші кезекте балалар, қауіп тобындағы адамдар, медицина қызметкерлері егіледі.
 
Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бірінші компонентпен 7,5 млн-нан астам адам егілді, тиісті халықты қамту 75,8% құрады, 2 компонентпен 64,7% қамти отырып, 6,4 млн-нан астам адам егілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте ҚР-да коронавирустық инфекцияның 1 719 жаңа жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны