22.09.2022, 14:34 21346

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны артты

Қазақстанда COVID-19 науқастарының саны артты
Сурет: pixabay.com
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 151 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 392 885 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаңа жағдайлар анықталды: 
 
Астана қаласында - 16, 
 
Алматы қаласында - 13, 
 
Шымкент қаласында - 1, 
 
Ақмола облысында - 35, 
 
Ақтөбе облысында - 9, 
 
Алматы облысында - 1, 
 
Жетісу облысында - 2, 
 
Атырау облысында - 2, 
 
ШҚО-да - 8, 
 
Абай облысында - 4, 
 
Жамбыл облысында - 1, 
 
БҚО-да - 10, 
 
Қарағанды облысында - 12, 
 
Ұлытау облысында - 4, 
 
Қостанай облысында - 14, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 1, 
 
Павлодар облысында - 5, 
 
СҚО-да - 11, 
 
Түркістан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 672 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 370 531 адам сауығып кетті.
 
20 қыркүйекте коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 3 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
22 қыркүйекке КВИ-ден 8 805 адам (8 664 КВИ+ және 141 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 148 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 8 657 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 3 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 4 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны