03.08.2022, 17:21 13731

Қазақстанда газға қосылу үшін техникалық шарттар қол жетімді және жылдам болады

Қазақстанда газға қосылу үшін техникалық шарттар қол жетімді және жылдам болады
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - Тұтынушыларды газға қосу процесін жеңілдету және жеделдету мақсатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті газға қосу үшін техникалық шарттарды алуға құжаттар тізбесін 8-ден 5-тармаққа дейін қысқарту бөлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бірқатар құқықтық актілеріне тиісті түзетулер енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР ҰЭМ ТМРК деректері бойынша, техникалық шарттарды алу үшін тұтынушылар бұрынғыдай 8 құжаттың орнына тек 5 құжатты бере алады. 
 
Техникалық шарттарды алу үшін қажетті құжаттардың жаңа тізімі:
 
- иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе жеке тұлғалар үшін – цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, жеке кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
 
- жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не объект орналасқан жердегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде), не объектіні газдандыруға жылжымайтын мүлік иесінің нотариалды куәландырылған келісімі (құрылысы аяқталған объектінің реттеліп көрсетілетін қызметіне қосылған жағдайда), ал құжаттар болмаған жағдайда- Қағидалардың 4-қосымшасының 7-нысаны бойынша жергілікті атқарушы органдардан жылжымайтын мүлік объектісін газдандыруға өтініш;
 
- жер учаскесіне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер не жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар;
 
- газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) техникалық паспорттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құрылысы аяқталған объектіні реттеліп көрсетілетін қызметке қосқан жағдайда) немесе қолданыстағы (үйішілік) желілерді реконструкциялауға газдандырудың эскиздік жобасының көшірмесі;
 
- заңды тұлғалар үшін - көп қабатты үйлерді газдандыру кезінде тамақ дайындауға, жылытуға, желдетуге, ауа баптауға, ыстық сумен жабдықтауға шикі газды тұтынуға арналған гидравликалық есептеулер.
 
Бұл шара газдандыруды жеделдетуге және ел халқы үшін жайлылықты жақсартуға мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Газқосылу

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны