18.04.2023, 08:32 34046

Қазақстанда ХҚКО-лар уақытша бірқатар қызмет көрсетпейді

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу саласында қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді
Қазақстанда ХҚКО-лар уақытша бірқатар қызмет көрсетпейді
Астана. 18 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің ХҚКО-ларында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу және жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру саласында қызметтердің барлық түрлері көрсетілмейді, деп хабарлады "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ.

Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз", - делінген Мемлекеттік корпорацияның хабарламасында.


 Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны