01.10.2021, 18:44 33389

Қазақстанда халық санағының екінші кезеңі басталды

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - Бүгін Қазақстанда халық санағының екінші кезеңі басталды, ол айдың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстанда Жалпыұлттық халық санағының аясында үйлерді аралау кезеңі басталды. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
 

Осы күннен, яғни 1 қазаннан бастап халықты толық қамту мақсатында жаппай аралау кезеңі басталды. Ол 30 қазанға дейін жалғасады", - деді Бюро басшысы.

 
Санаққа онлайн қатысқан азаматтарға интервьюерлер сауалдарына қайталап жауап берудің қажеті жоқ.
 

Санақ сұрақтарына онлайн режимде жауап бергендер санақтан өткені туралы хабарламаны көрсетеді. Интервьюер тұрғын үй-жайдағы барлық адамдар санақтан өткеніне көз жеткізгеннен кейін, өз учаскесінің келесі мекенжайына барады",- деп түсіндірді Айдапкелов.

 
Айдапкелов сондай-ақ, барлық интервьюерлермен планшетпен жұмыс істеу, сауалнама жүргізу әдістері бойынша оқыту жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
 
Санақтан онлайн өту мүмкіндігі 15 қазанға дейін қолжетімді болады. Санақ сұрақтарына жауап берудің бірнеше жолы бар. Бұл sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты, E-Gov порталы арқылы, сондай-ақ Aitu мобильді қосымшасын пайдалана отырып авторизациядан өту.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны