06.12.2022, 14:09 12406

Қазақстанда Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін резерват құрылады

Қазақстанда Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін резерват құрылады
Сурет: Depositphotos
Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде

Астана. 6 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін резерват құрылатынын хабарлады, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 
Ол Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мәселелері маңызды болып табылатынын атап өтті.
 
Министрдің айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, Каспий теңізінде мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда табиғи-ғылыми негіздеме (ТҒН) әзірленуде. Оны келесі жылдың қаңтарында алуды және одан әрі технико-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеуге кірісу жоспарланып отыр.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін және жаңа облыстардың құрылуына байланысты балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу керек. Сонымен қатар су тапшылығы мен әлемдік нарықтардағы ахуал бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, индикаторларды өзектендіру қажет.
 

Бұл жұмысты біз бизнес және ғылым өкілдерімен бірлесіп жүргіземіз. Мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Үкімет қаулысының тиісті жобасы келесі жылдың екінші тоқсанында енгізілетін болады", - деді С. Брекешев.

 
Оның айтуынша, жалпы қабылданған шаралар кешені инвестицияларды тартуға, балық өнімдерін өндіру мен экспорт көлемінің өсуін қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың балықты тұтыну деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Осыған байланысты келесі жұмыстарды жүргізу қажет:
 
  • Бірінші. Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері балық және балық өнімдерін қадағалаудың ақпараттық жүйесін ветеринариялық, кедендік және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар жүйелерімен интеграциялауды тездетсін.
  • Екінші. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі балық аулау кемелерінің өтуін қамтамасыз ету мақсатында Жайық-Каспий бассейнінің кеме қатынасы арналарында су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу мәселесін пысықтасын.
  • Үшінші. Ауыл шаруашылығы министрлігі балық өсіру кезінде ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  • Төртінші. Облыс әкімдіктері жыл сайын жергілікті бюджетте акваөсіру субъектілерін Бағдарламада көрсетілген көлемнен төмен емес субсидиялауға қаражат көздесін. Сонымен қатар балық шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейтсін. Сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарын құру үшін, оның ішінде балық өнімдерін өткізу жөніндегі мамандандырылған сауда объектілерін құру үшін жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.
 

Өз кезегінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру мәселелерін үйлестіруді жалғастырады және Мемлекет басшысының балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша Алматы, Маңғыстау және Атырау облыстарының тұрғындарымен кездесу барысында берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау жөнінде шаралар қабылдайды", - деді Серікқали Брекешев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны