25.05.2021, 21:40 8761

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 2 млн-нан астам адам алды

"Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту – пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет", — деді А. Мамин.
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, бүгінгі таңда Қазақстанда 3 млн екпе жасалды, оның ішінде 2 млн адам бірінші компонентті, 1 млн адам екінші компонентті алды. Елде вакциналардың жеткілікті көлемі бар, олардың қоры толықтырылып отырады. Егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылдануда.
 
Үкімет басшысы халықты вакциналау қарқынын арттыруды тапсырды. 
 

Қазіргі таңда егу науқанын кеңейту – пандемиямен күресудегі ең маңызды міндет", — деді А. Мамин. 

 
Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп "Ashyq" қосымшасын "Вакцинация" модулімен және "Egov"-тағы вакцинация паспортымен интеграциялау бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 
Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-бен ауыру жағдайының тұрақтануы байқалады. Вирустың репродуктивті индексі – 0,95. Инфекциялық төсек орындар 33%-ға, реанимациялық төсек орындар 26%-ға толы. 6 өңір "қызыл" аймақта тұр: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаңа мутацияларды анықтау мақсатында республика аумағында айналымда жүрген коронавирус штамдарын генетикалық зерттеу тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.
 
Ағымдағы жылдың сәуір айында анықталған үлгілерді зерттеу қорытындысы бойынша үлгілердің 30%-ында "Британдық" штаммның айналымы анықталды. Республика аумағында "Үнді " штаммының айналымы анықталмаған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны