01.11.2022, 13:26 7356

Қазақстанда коронавирус ауруының 24 жағдайы тіркелді

КВИ-ден 812 адам ем алуды жалғастыруда.
Қазақстанда коронавирус ауруының 24 жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
Астана. 1 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 24 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 753 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 31 қазанда КВИ-ден 812 адам (668 КВИ+ және 144 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 74 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 738 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 3 пациент,
 
- аса ауыр халде – 4 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 842 967 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 604 954 адам вакцинацияланды. 5 609 917 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны