16.11.2022, 13:13 14196

Қазақстанда коронавируспен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады

КВИ-ден 747 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 16 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 60 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 450 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 16 қарашада КВИ-ден 747 адам (584 КВИ+ және 163 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 86 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 661 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 5 пациент,
 
- аса ауыр халде - 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.
 
14 қарашада коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны