10.08.2022, 15:06 11536

Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ

Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 10 ТАМЫЗ - Жан-жануарлар арқылы таралатын "Ланъя" жаңа генипавирусы Қазақстанда тіркелмеді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
 
ВАК мәліметіне сәйкес, "Ланъя" вирусы алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде анықталған. Кейін екі жыл ішінде Қытайдың қос провинциясында тағы 35 адамның осы вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Науқастарда келесі белгілер байқалды: дене қызуы, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы.
 
Бұл – зоонозды инфекция, яғни адам вирусты ауру жануарлардан жұқтырады.
 
Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі.
 
Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны