26.12.2022, 12:54 16011

Қазақстанда оң рульді автомобильдерді біржолғы заңдастыруға рұқсат етілді

Қазақстанда оң рульді автомобильдерді біржолғы заңдастыруға рұқсат етілді
Сурет: Depositphotos
Бүгінде Қазақстанда оң рульді 20 мыңға жуық көлік бар

Астана. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда шетелде тіркелген оң жақ рульді автокөліктерді біржолғы заңдастыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

Қайсар Сұлтанбаев Президенттің мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру жөніндегі тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүріп жатқанын мәлім етті. Осы орайда, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында тиісті норма қамтылған.

Осы заң жобасына біз таяуда ғана ұсыныс енгіздік. Оң рульді көліктер біржолғы заңдастыруға енгізіледі. Бүгінде Қазақстанда мұндай 20 мыңға жуық көлік бар. Бұл ұсыныс енгізіліп, комитетте қолдау тапты. Мәселе шешілді", - деді ІІМ өкілі.


Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы Заңға қол қойды. Түзетулер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген автокөліктерді заңдастыру үшін 200 000 теңге көлемінде төмендетілген тіркеу алымын енгізуді көздейді.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны