16.01.2023, 14:08 31951

Қазақстанда қоқыс контейнерлерінің жанында ірі қалдықтарды жинауға тыйым салынады

Енді құрылыс және ірі көлемді қоқыстарды жеке және заңды тұлғалар өз бетінше шығаруы тиіс
Қазақстанда қоқыс контейнерлерінің жанында ірі қалдықтарды жинауға тыйым салынады
Сурет: Depositphotos
Астана. 16 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау үлгілік қағидаларына, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.

Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 2023 жылғы 30 қаңтарға дейін жария талқылауға қолжетімді.

Іргелес аумақта құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді. Жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді", - делінген бұйрықтың мәтінінде.


Құжатқа түсіндірме жазбада бүгінгі күні заңды және жеке тұлғалар көбінесе контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың жанында үлкен көлемді қоқыстарды (жиһаз, сантехника, құрылыс материалдары) қалдырады делінген.

Коммуналдық қалдықтарды жинау қызметін жүзеге асыратын ұйымның мамандандырылған көлігі мұндай қалдықтарды жинауға арналмаған, яғни қоқыс таситын көлікке шкаф немесе диван сияқты көтеру және тиеу мүмкін емес. Осыған байланысты мұндай қалдықтардың иелері оларды тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына өздері әкетуі тиіс", - делінген ИИДМ бұйрығында.


Бұдан басқа, Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес арнайы белгіленген орындардан тыс құрылыс қалдықтарын жинауға тыйым салынады, деп атап өтті ведомствода.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді.

Инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде (жер астындағы құбырларды ауыстыру) мердігерлер жүргізілген жұмыстардың орнын сәйкестендірмейді. Яғни, олар жерді тегістемейді, асфальт пен бордюр төсемейді, тұрғындар үшін ыңғайсыздық тудырады. Осыған байланысты елді мекендердің тұрғындарынан шағымдар келіп түседі", - деп атап өтті ИИДМ.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны