25.05.2021, 23:10 10207

Қазақстанда қоқыс проблемасы 2025 жылға дейін шешіледі - Экология министрлігі

Биыл Қазақстанның төрт өңірінде ҚТҚ-ны бөлек жинауға арналған 7230 контейнер орнатылып, жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын 3 жаңа қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады.
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Кеңесте Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі алдағы 4 жылға арналған қалдықтарды ауқымды кәдеге жарату жоспарын ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қалдықтарды бөлек жинау және депозиттік-кепілдік жүйесін енгізу арқылы қалдықтардың 30%-ын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік береді. Қайта өңдеуге келмейтін қалдықтың 20% өртеуге жіберілмейді. Қалған қалдықтар қатты ластанған және бүгінгі таңда оларды жоюдың жалғыз жолы - энергетикалық кәдеге жарату болып саналады", - дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

 
Биыл Қазақстанның төрт өңірінде ҚТҚ-ны бөлек жинауға арналған 7230 контейнер орнатылып, жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тонна болатын 3 жаңа қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады.
 

Қазіргі уақытта полимер мен аралас қаптама (Тетра Пак) қалдықтарын қайта өңдеу кешендерін салу бойынша жобалар конкурстық іріктеуден өтуде", - деп атап өтті кеңеске қатысушылар.

 
Ағымдағы жылғы 20 мамырда Экология министрлігі қалдықтарды энергияға айналдыру жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық жариялады. "Waste to Energy" кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жер учаскелерін беру және инфрақұрылым жүргізуге қатысты мәселелер пысықталуда.
 

Зауыттардың құрылысы инвесторларды тарту есебінен жүргізу жоспарланған. Инвесторларға қойлатын басты талап - Еуропалық Парламент пен Еуропалық Одақ Кеңесінің 2010/75/ЕО директивасының нормасына сәйкес түтін газын тазартудың бес сатылы жүйесін орнату", - деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Болжам бойынша, алты зауытты іске қосу нәтижесінде 2025 жылға қарай қалдық өңдеу көлемін 30%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Өртеуге келмейтін қалдықтар көлемі 20% құраса, қалған қалдықты энерегияға айналдыру жоспары тұр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны