26.07.2021, 19:14 9554

Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда тараптардың татуласуын жою мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Қазақстанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың 8%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы 26 шілде, дүйсенбі күні брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты.
 
Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында полиция қызметкерлері 47 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарған (2020 жылы - 43 785). Құқық бұзушылардың мінез-құлқына тағы 6 мыңға жуық арнайы талаптарды соттар белгіледі (2020 жылы - 4 766).
 
Өткен жылдан бастап Президенттің тапсырмасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық Кодекстің 110-бабы "Азаптау" жеке айыптау істерінен жеке-жариялы істерге ауыстырылды. Осылайша, отбасылық жанжалдың кінәсінің дәлелдерін жинау міндеті жәбірленушілерге емес, полицияға жүктелген; дәрменсіз күйдегі жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға қатысты осы қылмысты жасағаны үшін - бас бостандығынан айырудың төменгі шегі 3 жылдан 4 жылға дейін ұлғайтылды; физикалық күш қолданбай отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін (ӘҚБтК-нің 73-бабы) қамауға алу мерзімі 3 күннен 5 тәулікке дейін ұзартылды.
 
Тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Егер бұрын әкімшілік іс жүргізудің кез келген сатысында татуласуға болатын болса, енді медиация сатысынан өтіп, тек сотта ғана татуласуға болады.
 

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар 8%-ға (502-ден 462-ге дейін) төмендегені байқалады. Жалпы қылмыстылық құрылымында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың үлесі жоғары емес және 82,5 мыңның тек 0,7%-ын құрайды", - деп нақтылады Алексей Милюк.

 
Алайда, оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ерекшелігі оның жасырын сипатында көрінеді. Отбасылық тиранның озбырлығынан қорғану үшін полицияға барлығы келмейді.
 

Мұндай қылмыстар көбінесе әлеуметтік-экономикалық мәселелер негізінде жүйелі түрде алкогольді ішімдік ішу нәтижесінде жасалады. Мысалы, тұрмыстық құқық бұзушылықтардың жартысы мас күйінде жасалады, ал ұсталған отбасылық жанжалқойлардың 80%-да тұрақты жұмысы жоқ", - деді Алексей Милюк.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны