07.10.2021, 19:37 60248

Қазақстанда педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңа стандарты әзірленді

Стандарт балалар сырқаттанушылығының, мүгедектігінің және өлімінің профилактикасы және төмендету бойынша шаралар өткізуді көздейді.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАЗАН - "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" бұйрық жария талқылауда тұр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Стандарт балалар сырқаттанушылығының, мүгедектігінің және өлімінің профилактикасы және төмендету бойынша шаралар өткізуді көздейді.
 
Он сегіз жасқа толмаған балаларға педиатриялық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі:
 
1) МСАК және консультациялық-диагностикалық көмекті (КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
 
2) стационарлық көмек;
 
3) стационарды алмастыратын көмек;
 
4) жедел медициналық көмек;
 
5) санитариялық авиация.
 
Педиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (МҰ) қызметінің негізгі бағыттары мыналар:
 
1) балаларға, оның ішінде нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық, медициналық қызмет көрсету;
 
2) медициналық көмекке қолжетімділікті және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
 
3) сапалы консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, БЖАЫҚ сақтау;
 
4) балаларды диспансерлеу және медициналық оңалту;
 
5) профилактикалық көмек көрсету: жүкті әйелдер патронажы; салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтануға ұсыным; бала күтімі, аурудың қауіпті белгілері және қауіп төндеретін жағдайлар бойынша ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу; емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және лактация мәселесі бойынша, 6 айға дейінгі балаларды тек емшек сүтімен ғана қоректендіру практикасы және 2 жасқа дейін емізуді жалғастыру бойынша консультация беру; ерте шақтағы балалардың туа біткен патологияларын және психофизикалық дамуын, көру және есту функцияларының бұзылуын анықтау үшін скринингтік қарап-тексеру жүргізу; баланың ерте дамуы мәселелері бойынша консультация беру; медициналық профилактикалық қарап-тексеру консультациясы; вакциналау жүргізу; балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді диспансерлеу мен динамикалы бақылау, үйдегі патронаж; әлеуметтік-психологиялық консультация беру;
 
6) сырқаттанушылықтың алдын алу және төмендету, әлеуметтік мәні бар, оның ішінде онкологиялық немесе гематологиялық аурулардың ерте нысандарын, В және С гепатиттерін, АИТВ инфекциясы мен туберкулездің бастапқы түрін анықтау бойынша, сондай-ақ аурулардың қауіп факторларын, балалар мүгедектігін, өлімін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу.
 

МҰ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып пациенттердің профилактикасына, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Зорлық-зомбылық фактілері мен дене жарақаттары анықталған жағдайда емдік-профилактикалық көмек көрсету, медициналық оңалту жүргізу, ішкі істер органдарын хабардар ету жүзеге асырылады", - делінген құжатта.

 
Есту және көру қабілетінің нашарлауы, созылмалы аурулардың анықталуы, сондай-ақ кеңірдек пен көмей жолдарының тарылу симптоматикасы бар балалар анықталған кезде учаскелік дәрігер оларды диагнозын анықтап, емделу үшін бейінді мамандарға жібереді. 
 
Психофизикалық дамуында тежелу каупі бар, есту және көру қабілетінің нашарлауы, неврологиялық симптоматикасы бар балалар анықталған кезде медицина қызметкері оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді. 
 
Соматикалық патологияның, синкопальдық жағдайдың, "енжар бала" синдромының салдарынан болатын фебрильдік құрысқақпен нервтік-психикалық дамуында кідірісі бар пациенттердің нерв жүйесінің патологиясын "Неврология (балалар)" мамандығы бойынша дәрігер жойғаннан кейін оларды педиатрлар бақылайтын болады.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны