19.03.2021, 19:38 15304

Қазақстанда ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына қосылады

НҰР-СҰЛТАН. 19 НАУРЫЗ - Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл шешім туристік операторлармен, "Атамекен" ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41% - ы Египеттен, 27% - ы Мальдивтен, 16% – ы БАӘ-мен және 8,3% - ы Түркиядан келген.
 
Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден - 51.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 630 млн теңгеден астам қаражат Қазақстанға анықтамасыз қайтып келген адамдарды ПТР-тестілеуге бюджеттен жұмсалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны