22.12.2022, 12:40 27491

Қазақстанда өсімдіктер әлемін қорғау күшейтілді

Сенаторлар өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдарды қабылдады
Қазақстанда өсімдіктер әлемін қорғау күшейтілді
Астана. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Отырыс барысында сенаторлар "Өсімдіктер дүниесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды қабылдады. Бұл құжаттар өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Заң жобалары өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету, табиғи өсімдік ресурстары мен жабайы өсімдік түрлерінің генофондын сақтау және молайтуға арналған құқықтық негіздер жасауға, әрі оларды тиімді пайдалану мақсатында әзірленген.

Заң жобасы биологиялық алуандықты сақтауға және олардың тұрақтылығын арттыруға, өсімдіктердің эндемикалық және сирек түрлерін қорғауды жақсартуға, өсімдік ресурстары мен шикізат базасының әлеуетін сақтау және пайдалану, шағын бизнесті дамыту және жергілікті бюджеттердің кірістерін өсіру үшін инвестиция тартуға көмектеседі деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Бұған дейін Сенат агломерацияларды дамыту туралы заңды мақұлдаған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны