13.04.2023, 12:33 33381

Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төлемдер төленетін болады

Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төлемдер төленетін болады
Мәдениет және спорт министрлігі тиісті бұйрықтың жобасын дайындады

Астана. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу туралы бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Осы спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу тәртібін айқындайды, делінген құжатта.

Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға:

1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;

2) спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді.

Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді.

Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде төленеді:

1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға - 100 айлық есептік көрсеткіш;

2) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға - 100 айлық есептік көрсеткіш.

Осы мөлшердің 1-тармағында көрсетілген бірнеше негіздер бойынша бір мезгілде материалдық қамсыздандыру алуға құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру тек бір негіздеме бойынша ең жоғары мөлшерде төленеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны