19.10.2021, 18:50 73554

Қазақстанда вакцинация жоспары қайта қаралды

НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАЗАН - Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспары қайта қаралғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстанда халықтың КВИ-ге қарсы вакциналау жалғасуда.
 
Алексей Цой вакцинация жоспары қайта қаралғанын айтты. Бүгінгі күні шамамен 11,4 млн адамды құрайды.
 

Вакцинаның бірінші компонентімен 8 млн-нан астам адам егілді, екпе алуға тиісті халық санының 70,7%-ын немесе халық санының 42,7%ы-н құрады, екінші компонентпен 7,1 млн-нан астам адам егілді, екпе алуға тиісті халықтың 63%-ын немесе халық санының 38%-ын қамтыды", — деп хабарлады ведомство басшысы.

 
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ұжымдық иммунитетті алу үшін халықтың 60%-ын иммундау қажет деп мәлімдеген болатын.
 
Сонымен қатар, тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда шамамен 1 млн 380 мың адам немесе тиісті халықтың 54,5% егілді. Вакциналаумен республикалық көрсеткіштен жоғары қамту 7 өңірде байқалады, оның ішінде Түркістан облысында екпе алуға жататын халықтың 85%-ы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола және Қызылорда облыстарында 60%-дан астамы, Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында 55%-дан астамы қамтылған.
 
Министр, сондай-ақ, Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 17%-ға төмендегенін айтты. Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттанушылық 3,8 есеге, ал өлім-жітім 3,6 есеге төмендеді. 
 

Бүгінгі таңда "жасыл аймақта" 6 өңір бар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы. Қазақстан Республикасы және 5 өңір "сары аймақта" орналасқан. "Қызыл аймақта" 6 өңір (Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалып отыр. Репродуктивтілік саны – 0,97", — деді А. Цой. 

 
Соңғы айда тәуліктік сырқаттану 2,1 есеге, ауыр және өте ауыр жағдайлардың саны 1,6 есеге азайды. Сондай-ақ стационарлық емделудегі науқастар санының 1,4 есеге (18 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 мыңнан 18 қазандағы жағдай бойынша 9,1 мың адамға дейін) азаюы, амбулаторлық емделудегі науқастар саны 1,3 есеге (57 мыңнан 43 мың науқасқа дейін) төмендегені байқалады. 
 
Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсек-орындардың жүктелу деңгейі 56%-дан 34%-ға дейін, реанимациялық төсек-орындардың жүктелуі 45%-дан 29%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 20 мыңға жуық төсек-орын бар. 
 
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 25 тамыз бен 18 қазан аралығында барлық өңірде 103 нысан (30 881 инфекциялық төсек-орын) жабылды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 
Бұған дейін Цой 20 қазаннан бастап енгізілетін карантиндік жеңілдіктер туралы айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны