11.10.2021, 19:12 16790

Қазақстанда вакцинациядан бас тарту мәселесі әлі де өткір тұр - Цой

Цой Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында Қазақстандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық мониторинг пен амандықты одан әрі қамтамасыз ету мақсатында республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған профилактикалық екпелермен қамту деңгейін қолдау бойынша жұмыс жалғасуда.
 

Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинациямен қамтудың оңтайлы шамасына қол жеткізілмегені атап өтілді. Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты қамту мүмкін болмады. Ағымдағы жылы өңірлер жоспарлы контингентті иммундаумен қамту, сондай-ақ өткен жылы вакцинацияны өткізіп алған адамдарды вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде. Вакцинациядан бас тарту мәселесі әлі де өткір тұр", - деді Денсаулық сақтау министрі.

 
Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцинациялауға жататын азаматтардың ішінен 24 976 адам профилактикалық егуден бас тартты. Оның ішінде 58% - жеке сенім бойынша, 23,2% - діни сенім бойынша, 12,8% - вакциналарға сенімсіздік салдарынан, 6% - БАҚ-тағы жағымсыз ақпараттың нәтижесінде.
 

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинациядан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелді. Біз вакцинацияның қарсыластарымен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырамыз. Ағымдағы жылы вакцинация туралы өз пікірін өзгертіп, 197 адам екпе алды", - деп толықтырды Цой.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны