22.12.2021, 18:31 34876
Қазақстанда ұялы байланыс операторларына нашар байланыс үшін айыппұл салынады
Достарға айту
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтың айтуынша, заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасы аясында депутаттар тобымен әзірленді. Негізгі мақсат – интернетті барынша қолжетімді ету және сапалы байланысты жасау. Осыған байланысты байланыс операторларының жауапкершілігі айыппұлды арттыру арқылы күшейтіледі.
Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабының бірінші бөлігінде ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін заңнамада белгіленген техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін байланыс және интернетке жол жеткізу қызметтері үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту арқылы байланыс операторларының жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Заң жобасы халықтың сапалы байланыс пен интернет алу құқығын қорғауды көздейді", - деді Қожахметов мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетері, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасына қатысты ең төменгі параментрлердің бекітілгенін айтқан. 3G үшін 1,5 Мегабит, ал 4G үшін кемінде 5 Мегабит болуы шарт. Биыл 400-ден астам тексеру жасалды. Соның 80 процентінде интернеттің ең төменгі параметрлерін бұзу фактілері анықталды. Сол үшін ұялы байланыс операторларына айыппұл салынды. Үш-төрт айдың ішінде интернеттің сапасы көтерілмесе, айыппұлдың көлемі екі есеге артады.
Ал жаңа заң жобасында айыппұлдың көлемін он есеге арттыру қарастырылған. Бұрын 100 АЕК болса, алдағы уақытта 1 000 АЕК болады.
Бұл дегеніміз, биыл біз 400 тексерудің нәтижесінде 92 миллион теңгенің айыппұлын салсақ, он есеге өсіргеннен кейін бір жылда 1-2 миллиард теңгенің айыппұлы салынады. Бұл – өте қомақты сома. Сондықтан операторлар интернет сапасына көңіл бөледі деген сенім бар", - дейді Мусин.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.01.2025, 15:00 6771
Астанада насыбай және шегілмейтін темекі өнімдерінінің заңсыз сатылуы бойынша рейд жүріп жатыр
Достарға айту
Астанада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сатуды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осындай тексеру іс-шарасы Сарыарқа ауданындағы дүкендерде жүргізілді. Оған аудан әкімдігі, аудандық полиция басқармасы, сондай-ақ елордалық белсенді жастар қатысты.
Ең алдымен шағым көп түсетін аумақтар тексеріледі. Мысалы, ескі темір жол вокзалы аумағы. Мұндай іс-шаралар күнделікті жүргізіледі.
2024 жылы қалада шегілмейтін темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша 70 жағдай анықталды. Кәсіпкерлерге 3 млн теңгеден асатын мөлшерде айыппұл салынды.
Рейдтер барысында Республика, Жеңіс даңғылы, Гете, Ә.Молдағұлова, Ы. Дүкенұлы көшелері және т.б. қамтылды.
Егер рейдтік іс-шара кезінде насыбай сатқан тұлғалар анықталса, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарастырылған жаза қолданылады және насыбай тәркіленетін болады. Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады", - деді Сарыарка ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Ғалымжан Кәбір.
Шегілмейтін темекі өнімдерін тұтынуды алдын алу мақсатында Астана қаласы бойынша жұмыс тобы құрылды. Қаланың барлық ауданында бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Айта кетейік, рейдтер Астананың барлық алты ауданында жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.01.2025, 09:58 15296
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапханалар орнатылды
Достарға айту
Алматы кітапхана саласына инновациялық шешімдерді белсенді енгізуді жалғастыруда. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша мегаполистің қоғамдық орындарында алғаш рет кітап беруге арналған заманауи автоматтар орнатылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осындай 24 дербес кітапхана тоғыз метро станциясында пайда болды: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов", "Алатау", "Сайран" және "Мәскеу", сондай-ақ Медеу және Әуезов аудандарының ХҚКО-тарында, "Спутник", "Атакент", "Азия паркі" сынды сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар комьюнити орталықтарында және Sail коворкингінде.
Осы автоматты қондырғылардың көмегімен оқырмандар дәстүрлі кітапханаға бармай-ақ кітаптарды таңдап, ала алады, сонымен қатар әдебиеттерді 24 машинаның кез келгеніне немесе қалалық кітапханалар филиалына қайтара алады. Ол үшін оқу билеті болуы керек. Егер ол болмаса, сіз тіркеуден өтіп, "Қала оқырмандары клубына қосыла аласыз".
Қажет болған жағдайда әрбір тілек білдіруші "Алматы кітапханалары" 28 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітап әуесқойлары almatylibrary.kz сайтты да пайдаланып, қажетті кітаптарды таңдап, тапсырыс беріп, оларды онлайн режимінде сақтай алады. Берешек пен борышкерлерді автоматты түрде есепке алу үшін қайтару мерзімдерін қадағалау жүйесі енгізілді.
Біз оқырмандар үшін жақсы жағдай жасаймыз, ең озық шешімдерді енгіземіз. Өткен жылы бірнеше жаңа кітапханалар ашылды, бұл жұмыс 2025 жылы да жалғасады. Жалпы, қазір қала тұрғындары үшін кітап беретін 28 кітапхана мен 24 дербес кітапхана-аппарат бар. Біз қаланың әрбір тұрғынының кітап оқығанын, оқығанды ұнататынын және білімді болғанын қалаймыз. Бұл үшін кітапханалар қолжетімді болды, соның ішінде жер астында - метро станцияларында. Кітапхана саласын дамыту мәселесі қала әкімінің ерекше бақылауында",- деп атап өтті Алматы қаласының мәдениет басқармасы.
Жалпы, Алматы мәдениет басқармасына қарасты кітапханалардың барлық жұмысы автоматтандырылған. 1,3 миллионнан астам кітапты құрайтын бүкіл кітап қорының бірыңғай есебі құрылды. Қызметкерлер электронды каталог жүргізеді, әдебиеттердің қозғалысын жедел қадағалайды, бұл қызмет көрсетуді едәуір жылдамдатады. Кітаптар мен олардың қол жетімділігі туралы барлық ақпарат бірыңғай мәліметтер базасында қол жетімді, ал қорларды пайдалану статистикасы қызметкерлерге әдебиетке деген сұранысты талдауға көмектеседі.
Айтпақшы, 2024 жылы қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам келушілер тіркелген. Айта кетейік, қала кітапханаларының 95%-ы жаңғыртылған. Әр кітапханада жиһаз және материалдық-техникалық база жаңартылды, Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етілді, сондай-ақ әлемдік стандарттарға сәйкес шешімдер енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 14:20 20616
Алматыда бос жатқан аумақта мұз айдыны бар жаңа сквер ашылды
Достарға айту
Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданында қараусыз қалған аумақ жайлы қоғамдық кеңістікке айналды. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сквер аумағында кешенді жұмыстар жүргізілді: асфальт пен кеспе тас төселді, көшеге жарықтандыру элементтері, автоматты суару жүйелері, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Сонымен қатар, автотұрақ орындары жабдықталып, арық жүйесі жүргізілді. Алдағы маусымда жас көшеттер отырғызу жоспарланып отыр, бұл скверді одан әрі жасыл желекке айналдырып, жайлы ете түседі.
Жаңа кеңістіктің басты ерекшелігі - ауданы 450 м² болатын мұз айдыны. Жаз мезгілінде ол ролик тебуге арналған алаңға айналмақ. Мұз айдыны жергілікті тұрғындардың, әсіресе балалардың көңілінен шықты. Олар бұл жерде уақытын қызықты өткізуде.
Маған сабақтан кейін осында келіп, сырғанау қатты ұнайды. Үйіме жақын жерде мұз айдыны болса екен деп көптен армандаған едім. Қазір мен мәнерлеп сырғанаудың кейбір элементін үйреніп алдым, тіпті артқа сырғанай аламын. Қазір достарыммен бірге жаңа элементтерді: айналу мен спиральды үйреніп жүрміз. Кешке келсеңіз керемет, гирляндалар жанып тұрады, бәрі өте әдемі әрі ерекше атмосфера береді", - деді "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғыны Арман Батыров.
Түрксіб ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жалпы 40 көркейту жобасы жоспарланған. Бағдарламаның тиімділігін және тұрғындардың белсенділігін ескере отырып, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаев қаржыландыруды 18,8 млрд теңгеге дейін арттырды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп. Осылайша, алматылықтарға аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді, спорт және балалар алаңдарын құруға арналған 364 жобаны ұсыну мен жүзеге асыру мүмкіндігі берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 12:07 37056
Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды
Достарға айту
Бүгін, 13 қаңтар, қазақ өнерінің қара шаңырағы - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының құрылғанына 99 жыл толды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Театр 1926 жылы Қ. Кемеңгерұлының "Алтын сақина" пьесасымен шымылдығын ашты.
Ұлт театры тарихының бастауы болған "Алтын сақина" пьесасы - қазақ драматургиясындағы алғашқы реалистік туындылардың бірі. Шығармада қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік, әйелдердің құқықсыздығы, ескі салт-дәстүрлердің зардаптары суреттеледі.
2024 жыл театр үшін маңызды оқиғаларға толы болды:
- 16 қыркүйек театр өзінің 99-шы маусымын Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" спектаклімен бастады.
- 9-14 қазанда Қостанай қаласында гастрольдік сапар ұйымдастырылды.
- Театр алғаш рет Өзбекстанның Ташкент және Нүкіс қалаларында өнер көрсетті.
- 4-7 желтоқсанда Бішкек қаласында "Қыз Жібек", "Қоштасқым келмейді", "Қорқыттың көрі", "Мәңгілік бала бейне" қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен театр ғимараты толығымен қайта жөндеуден өтуде. Бұл жұмыстарды театрдың 100 жылдық мерейтойына, 2026 жылға орай аяқтау жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.01.2025, 12:03 37281
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Достарға айту
Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін әлеуметтік көмектің 17 түрі қарастырылған, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Олардың ішінде-атаулы әлеуметтік көмек (АӘК); тұрғын үй көмегі; ҰОС ардагерлеріне және азаматтардың басқа да санаттарына әлеуметтік көмек; коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек; мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін шығындарды өтеу; атаулы күндер мен мереке күндеріне төлемдер және өзге де біржолғы әлеуметтік төлемдер.
Мәселен, 2024 жылы АӘК жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 14,8 мың адамды қамтыды. Тұрғын үй көмегі 741 азаматқа 17,3 млн теңге сомасында берілді. Коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуіне байланысты азаматтарды қолдау жеке бағыт болды. "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 141 мыңнан астам адам ай сайын 0,8 АЕК мөлшерінде төлем алды, бұл 4 млрд теңгеден астам соманы құрады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақының барлық түрлерінің мөлшері 6,5%- ға ұлғайтылды, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілуде. Мысалы, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс қимылдардың ардагерлері үшін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.
Айта кету керек, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:15 58226
Жетісу облысында шамамен 66 елді мекен 2026 жылы газбен қамтылады
Достарға айту
Жетісу облысында шамамен 66 елді мекен 2026 жылы газбен қамтылады, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.
Бұл мақсатта QazaqGaz "Талдықорған-Үшарал" магистральді газ құбырын салу жөніндегі "Самұрық-Қазынаның" инвестициялық жобасын белгіленген кестеден ерте жүзеге асыруда.
Газ құбырының жалпы ұзындығы - 302,4 шақырым. Сондай-ақ, алты газ құбыры тармағы мен алты автоматтандырылған газ тарату станциясын салу көзделген.
Жаңа магистральді газ құбыры Жетісу облысындағы газбен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады. 2026 жылы жоба аяқталған соң аймақтағы газдандыру деңгейі 90%-ға жетуі тиіс.
Қазіргі уақытта 302 шақырым құбыр (99,9%) жеткізіліп, 203 км құбыр (67%) дәнекерленген, 155 км траншея (51%) қазылып, оған 133,2 шақырым құбыр (44%) төселген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:01 58451
Елордалық еріктілер ардагерлер ауласының қарын күреу акциясын өткізіп жатыр
Іс-шараны "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Достарға айту
Астанада қалың қардың жаууына байланысты қар күреу жұмысы тәулік бойы ауысыммен жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, жастар халықтың әлеуметтік осал санатындағы ардагерлер мен мұқтаж азаматтарға белсенді түрде көмектесіп, ауласының қарын күреуге атсалысып жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараны "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Елорданың 10-ға жуық волонтері жалғыз тұратын ардагерлерге үйлері мен аулаларын тазалауға, ауласын қардан күреуге көмектесті.
Бүгін біз, "Астана Жастары" еріктілері, жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазарту үшін кезекті "Игі істер марафонына" жиналдық. Айта кетерлігі, елордалық қарияның ауласын екі жылдан бері тазалауға көмектесіп келеміз. Қарттарымыз еркін жүріп, таза ауада серуендеуі үшін ауласының қарын күреу маңызды", - дейді белсенді волонтер Давид Шарипов.
Ауланы қардан күреу қарт кісілер үшін оңай шаруа емес, сондықтан мұндай көмекке олар қашанда дән риза.
Биыл біз елордадағы қарт кісілердің ауласының қарын күреу науқанын Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отырмыз. Сондықтан да биыл ардагерлер мен қарт кісілерге көбірек көңіл бөліп, ауласының қарын тазалауға көмектесіп қана қоймай, шағын сыйлықтар әкеліп, әңгімелесіп, ақбатасын алдық. Бұл науқанның ары қарай да жалғасатынын атап өткіміз келеді", - дейді "Астана Жастары" волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің маманы Дана Тәкенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.01.2025, 17:00 58651
Астанада кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Достарға айту
Астанада 11-12 қаңтарда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.01.2025, 16:08Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады 14.01.2025, 13:28 63126Қазақстанда шетелдік маркетплейстердің қызметі реттеледі16.01.2025, 11:53 570862024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды14.01.2025, 13:23 56946Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты14.01.2025, 13:18 54296Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығының" ашылу салтанатына келді
30.12.2024, 17:17 153056Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147201Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 146901Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 146426Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 136336Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті