13.05.2022, 17:06 22541

Қазақстанда заңсыз контент үшін 600-ден астам интернет-ресурстардың таралуына шектеу қойылды

Қазақстан Республикасында 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды.
Қазақстанда заңсыз контент үшін 600-ден астам интернет-ресурстардың таралуына шектеу қойылды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - Қазақстан Республикасында 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Комитеттің деректері бойынша, 2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды.
 
Бұзушылықтардың түрлері бойынша:
 
- экстремизмді насихаттау – 5;
 
- порнографияны тарату – 133;
 
- есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20;
 
- ойын бизнесі – 272;
 
– жарнама – 24;
 
- әкімшілік құқық бұзушылық – 4;
 
- алаяқтық – 197;
 
- баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҚРшектеу

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны