21.02.2022, 18:04 21091

Қазақстанда жиынтық қуаты 202 МВт болатын 13 майнингтік ферма анықталды

Қазақстанда жиынтық қуаты 202 МВт болатын 13 майнингтік ферма анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің қызметкерлері бірлесіп бес күн ішінде  13 майнинг фермасын анықтады.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде соңғы бес күнде мобильді топтар жалпы тұтыну қуаты 202 мегаватт болатын 13 майнинг фермасын анықтап, жұмыстарын тоқтатты", - делінген хабарламада.


Қарағанды облысында жалпы қуаты - 31,3 мегаватт, Павлодар облысында - 22 мегаватт, Түркістан облысында - 3,28 мегаватт, Ақмола облысында - 1,03 мегаватт, Қостанай облысында - 0,82 мегаватт, Нұр-сұлтан қаласында - 1,8 мегаватт, Алматы қаласында - мегаватт, Шымкент қаласында - 4 мегаватт цифрлық майнинг бойынша қызмет анықталды. 

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында жалпы қуаты - 91 мегаватт цифрлық майнингке, Қарағанды облысында - 44 мегаватт цифрлық майнингке шектеулер енгізілді.

Майнинг фермаларын анықтау және электр желілерінен ажырату бойынша мобильді топтың жұмысы жалғасады. Анықталған майнингтік фермалар бойынша уәкілетті органдар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны