26.04.2023, 12:46 46221

Қазақстандық банктерге интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді міндеттеуі мүмкін

Өтемақы тек сот шешімімен ғана мүмкін болады
Қазақстандық банктерге интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге өтемақы төлеуді міндеттеуі мүмкін
Астана. 26 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Несие алуда алаяқтарға алданған қазақстандықтарға шығынды өтеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Бұл тұрғыда алаяқтық жолмен тұрғындарға несие рәсімделуі мүмкін немесе адамдардың жеке қаражаты жымқырылуы ықтимал. Егер сот шешімі болмаса, онда қаржы институты жағынан мұндай өтемақы жүзеге асырылмайды. Екіншіден, егер ақпараттық қауіпсіздік немесе банктің ақпараттық жүйелері кемшілігі салдарынан салымшының ақшасы жымқырылса, яғни бұл салымшының кінәсі болмаса, онда біз заңнамалық деңгейде банктің өтемақы төлеуі жөніндегі міндеттемесін қарастырғымыз келеді", - деді М. Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, қазіргі кезде бұл процедураның механизмі мен алгоритмі әзірленіп жатыр. Онда алаяқтық операциялардың барлық типологиясы, ақпараттық қауіпсіздік пен смартфондарға арналған қосымшаларға қатысты талаптар ескерілмек.

Егер бұл талаптар бұзылса, қаржы ұйымдары үшін тиісті жауапкершілік қарастырылады", - деп қосты Мәдина Әбілқасымова.


Тиісті заң жобасын Мәжіліске 2023 жылдың маусым айының соңына дейін енгізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, үш айдың ішінде интернет-алаяқтар қазақстандықтарды 3 млрд теңгеге алдаған болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны