18.08.2021, 20:08 11071

Қазақстандық түрмелерде карантинге байланысты кездесуге уақытша тыйым салынады

Қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге (тасымалдауға) жататын мекемелердің персоналына қолданылмайды.
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Қазақстандық түрмелерде қамаудағыларға карантин салдарынан туыстарымен кездесуге уақытша тыйым салынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы қаулыға сәйкес ауырғандарды тіркеу деңгейі жағынан жоғары (қызыл аймақ) өңірлерде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер беру тоқтатылды. ҚАЖ мекемелерінде ұстауда отырғандарға телефон арқылы сөйлесулер, сондай-ақ бейнекездесулер берілуде", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

 
Қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге (тасымалдауға) жататын мекемелердің персоналына қолданылмайды. Бұдан басқа, вакцинациялаудың толық курсын алған жағдайда, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүрген сотталғандар мекемеден тыс жұмыс объектілеріне жіберіледі.
 

Бүгінгі таңда сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген, короновирустық инфекцияның жаңа штамдарын жұқтыруға және таратуға жол бермеу, оның ішінде желдету, палаталар мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп жатыр", - деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметінде.

 
Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер қайта берілетін болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны