22.09.2021, 19:47 12277

Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы проблемалар туралы тікелей хабарлай алады

Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын жариялаған болатын.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Білім және ғылым министрлігі өз сайтында еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бiлiм және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Мәселен, бұл мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және т.б. мәселелер болуы мүмкін", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын жариялаған болатын. 
 
Өткен демалыс күндері Комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарламалар түскен. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қажетті жұмыстар жүргізіп жатыр.
 
Оқу жылының басында ҚР Білім және ғылым министрі азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) қарамағындағы білім басқармаларының басшыларына жедел қарастыруды тапсырған болатын. Олар мектептерге, сонымен бірге бүкіл оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады. Азаматтар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласып, кері байланыс пен қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы ала алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны