15.03.2022, 18:31 26331

Қазақстандықтар ең қымбат азық-түлік өнімдерін атады

Қазақстандықтар ең қымбат азық-түлік өнімдерін атады
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - ҚР Ұлттық Банкі 2022 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша инфляциялық күтулер бойынша пікіртерімнің нәтижелерін жариялады. Респонденттердің көпшілігінің пікірінше, өткен айда азық-түлік бағасы қымбаттаған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өткен 12 айдағы алдыңғыға қарағанда бағалардың тезірек өсуін байқаған сұралғандардың үлесі 63% құрады, деп хабарлайды Ұлттық Банк.
 

Респонденттердің 52% өткен айда бағаның өзгеріссіз немесе бірқалыпты өсуін атап өтті. Өткен айда бағаның өсуін атап өткен респонденттердің көпшілігі азық-түлік өнімдерін таңдайды, олардың үлесі 87% құрады. Респонденттердің басым бөлігі азық-түлік құрамында жемістер мен көкөністер, нан-тоқаш өнімдері, жарма, ет, сүт, өсімдік майы бағасының тез өскенін атап өтті", - делінген хабарламада.

 
2022 жылғы ақпанда ақшалай жинақтары бар халықтың үлесі 17% құрады. Респонденттердің көпшілігі ағымдағы уақытты жинақ қалыптастыру үшін қолайсыз деп санайды (38%). Жинақтары бар респонденттердің басым бөлігі жалпы алғанда жинақтардың соңғы жылда өзгермегенін және өсуін (тиісінше 42% және 32%) атап өтті.
 
Сұралғандардың негізгі бөлігі өткен 12 айда жеке материалдық жағдайын өзгеріссіз болғанын бағалайды (респонденттердің 54%), респонденттердің 34% оның нашарлағанын атап өтті. 1 жыл және 5 жылдан кейін елдің даму перспективаларын оң бағалайтын сұралғандардың үлесі тиісінше 52% және 50% құрады. Респонденттердің басым бөлігі бір жылдан кейін жеке қаржылық жағдайының жақсаруын күтуде (респонденттердің 39%).
 
2022 жылғы ақпанда келесі 12 айда бағаның ағымдағы өсу қарқынының жеделдеуін немесе сақталуын күтетін респонденттердің үлесі 41% құрады, бұл 2021 жылы алынған нәтижелермен салыстырғанда аз.
 
Инфляциялық күтулер бойынша пікіртерім жүргізу әлемдегі геосаяси жағдай күрт нашарлағанға дейін аяқталды. Осылайша, пікіртерім нәтижелері респонденттердің инфляциялық күтулерінің өзгеруін толық көлемде көрсетпеуі мүмкін. Инфляцияның сандық бағасы 2022 жылғы ақпанда 6,2% құрады, нақты инфляция – 8,7%.
 
Бұған дейін хабарланғандай, геосаяси ахуал нашарлап, сыртқы тәуекелдердің жүзеге асуы жағдайында инфляция болжамы жоғарылау жағына қарай қайта қаралуда. Инфляцияның 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден жоғары болып қалыптасу тәуекелі артты, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны