06.04.2022, 17:28 18796

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуекомпаниясына тексеру жүргізді

Тексеру жүргізуге 2022 жылғы 19 наурыздағы Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша КС 7341 рейсімен жолаушыларды тасымалдаудан бас тарту фактісіне қатысты жолаушылардың өтініші негіз болған.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyArystan әуекомпаниясына тексеру жүргізді
Сурет: depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Қазақстанның авиация әкімшілігі FlyArystan әуе компаниясына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді.
 
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, тексеру жүргізуге 2022 жылғы 19 наурыздағы Нұр-Сұлтан - Қостанай бағыты бойынша КС 7341 рейсімен жолаушыларды тасымалдаудан бас тарту фактісіне қатысты жолаушылардың өтініші негіз болған.
 
Тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларды тасымалдаудан бас тартудың себебі эвакуациялық траптан ақау табылып, әуе кемесінің бортындағы жолаушыларға арналған орындар саны жүзге дейін қысқартылған.
 
Орындар санын қысқарту ұшу қауіпсіздігі талаптары негізінде жүзеге асырылған. Авариялық трап дұрыс жұмыс істемесе, жолаушыларды апатты жағдайда түсіру мүмкін емес. Осы себепті әуе компания 180 орынның 70-ін жабуға мәжбүр болған.

Бұған дейін Fly Arystan 45 жолаушыны рейстен шығарғаны үшін жоспардан тыс тексеру күтіп тұрғаны хабарланған болатын.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны