22.08.2022, 16:14 21331

Қазақстанның қай өңірлерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етеді

Қазақстанның қай өңірлерінде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етеді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 22 ТАМЫЗ - Еліміздегі бастауыш сынып оқушыларын толықтай тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын бюджеттен 150 млрд теңге керек болады. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап беру кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
 
1-4 сыныпта оқитын 607 мыңнан астам оқушы (41%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 100 пайыз деңгейде Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау облыстарының бірінші сынып оқушылары қамтылған.
 
Ал биыл қыркүйек айынан бастап Алматыда 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі.
 
Е. Тоғжановтың айтуынша, әр оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешу кезең-кезеңмен іске асырылады. Бастауыш сыныптардағы 1,5 млн баланы 100 пайыз бір реттік тамақтандырумен қамту үшін жыл сайын қосымша 150 млрд теңге керек болады. Ал 1-11 сынып оқушыларын қамтуға жылда қосымша 380 млрд теңгеден астам қажет.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны