24.05.2022, 15:51 11056

Қазақстанның бас санитариялық дәрігері COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау туралы қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас санитариялық дәрігері COVID-19-ға қарсы ревакцинациялау туралы қаулыға қол қойды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулыға түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі", - делінген құжатта.

 
КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады: 
 
  • медицина қызметкерлері;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
  • күш құрылымдарының қызметкерлері;
  • педагогтар;
  • пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
  • 50 жастан асқан адамдар.
 
Осы қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 4 жағдайы тіркелген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны