08.07.2022, 15:38 15756

Қазгидромет шілде айының құрғақшылық болжамына нақтылау жасады

Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ШІЛДЕ - Қазгидромет шілде айына арналған құрғақшылықтың нақтыланған болжамын жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ЖСИ (Жауын-шашынның стандартталған индексі) болжамына сәйкес жауын-шашын тапшылығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау ауданыдарында, Алматы облысының Алакөл уданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында және Қызылорда облысының басым бөлігінде күтіледі", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 
Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды.
 

Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында оңтайлы болады", - деп нақтылады синоптиктер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны