18.11.2021, 21:12 97552

Қазір корпоративтерге баратын уақыт емес - Бекшин

Қазір корпоративтерге баратын уақыт емес - Бекшин
Сурет: Алматы қаласының ІСБ
АЛМАТЫ. 18 ҚАРАША - Алматы коронавирус бойынша "жасыл" аймақта тұрса да жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
 

Біз "қызыл", "сары", "жасыл" аймақта болсақ та ұжымдық кештерге тыйым салынады. Бүгінгі күні вирус жұқтыру жағдайы сақталуда. Тіпті, "жасыл" аймақта болсақ та бір тәулікте 120- 130 адамнан коронавирус анықталып жатыр. Егер ұжымдық шараларды өткізетін болсақ, біз бірден "сары" емес "қызыл" аймаққа ораламыз. Біздің мақсатымыз карантин шараларын сақтауды одан әрі жалғастыру", - дейді Жандарбек Бекшин.

 
Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі мекемелерде де ертеңгілік өтпейтінін тілге тиек етті.
 

Балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге болмайды. Бұл топтар арасында вирус жұқтыру қаупін тудырады", - деді ол.


Ол бүгінгі таңда эпидемиологиялық ахуалды шектеу шараларымен сақтаудың негізгі міндеті екенін атап өтті.

Қазір корпоративті кештерге, жаппай іс-шараларға баратын уақыт емес", - деді бас санитариялық дәрігер кәсіпкерлер мен ата-аналарға.


Жұқтырған алматылықтардың 82%-ы ковидке қарсы егілмеген.

17 қараша 23.59-дағы жағдай бойынша Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесімен коронавирустың 960 609 жағдайы расталды. Өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1 083 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде Алматы қаласында - 128.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны