14.07.2021, 21:13 20338

Қазпошта Ashyq арқылы клиенттерді қабылдайтын болады

COVID-19 салдарынан карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты және қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығын сақтау мақсатында шаралар қабылдануда.
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде Ashyq өткізу жүйесі қолданылатын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
COVID-19 салдарынан карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты және қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығын сақтау мақсатында шаралар қабылдануда, деп хабарлайды "Қазпошта"АҚ баспасөз қызметі.
 

Пошта бөлімшелері мен сәлемдемелер супермаркеттерінің қызметтерін бейтарап (көк) және қауіпсіз (жасыл) мәртебесі бар клиенттер пайдалана алады. Жаңа енгізілім бүкіл ел бойынша пошта бөлімшелерінде қолданылатын болады. Әрбір бөлімшеге сканерлеу үшін дербес QR-код беріледі. Клиентте QR-кодты сканерлеу үшін тиісті мобильді қосымша болмаған жағдайда Қазпочта қызметкерлері оған ЖСН бойынша мәртебесін анықтауға көмектеседі. "Қызыл" және "сары" мәртебесі бар клиенттерге пошта бөлімшелері мен сәлемдемелер супермаркеттеріне кіруге уақытша тыйым салынады", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

 
Қазпоштада атап өткендей, қажет болған жағдайда клиенттер "есікке дейін" - GoPostHome сәлемдемелер супермаркетінен пошта жөнелтілімдерін курьерлік жеткізу қызметіне тапсырыс бере алады. Қызметке ақы төлеу байланыссыз жүзеге асырылады. 
 
2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша компания қызметкерлерінің шамамен 50%-ы вакцина алды.
 

Компания клиенттерден санитарлық қауіпсіздік шараларын есте сақтауды сұрайды: бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану", - деп хабарлады компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны