19.04.2022, 16:52 8251

БҒМ: Білім беру гранттарының саны рекордтық 73 мыңға дейін өседі

БҒМ: Білім беру гранттарының саны рекордтық 73 мыңға дейін өседі
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы жоғары оқу орындарында білім беру гранттарының саны рекордтық 73 мыңға дейін артады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сондай-ақ, колледждерде оқуға мемлекеттік тапсырыс өседі, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
 

Колледждерге келер болсақ, оқу гранттарының саны жыл сайын қөбейуде. Биыл олардың саны рекордық 31 мыңға өсіп отыр, оның 70%-ы техникалық мамандықтарға беріледі. Колледждерге оқуға қолжетімділікті кеңейту үшін емтиханды алып тастадық. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арнайы квота енгізілді", - деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 
Министр атап өткендей, гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Яғни бұл жерде "ақша студенттің соңынан ереді" қағидасы жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. 
 
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылатынын атап өтті. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады. 
 
Сонымен бірге, биыл мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде инженерлік, өңдеу, құрылыс салаларына, сондай-ақ педагогикалық және жаратылыстану ғылымдарына ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық кадрларды даярлау және техникалық бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс үлесі 60%-ға дейін артты. Студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.
 
Бұған дейін Аймағамбетов түлектердің грантқа түсуге екі талпынысы болатынын хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны