07.06.2021, 23:38 21179

БҒМ: мектептер оқушыларды ақылы олимпиадалар мен жарыстарға қатысуға міндеттей алмайды

НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектеп оқушыларына оқу жылы бойы ұсынылатын олимпиадалар туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстана олимпиадаларды өткізу рәсімдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру тәсілдері өзгертілді. 
 

2021 жылға дейін қолданыста болған Олимпиадалар тізімінде 56 олимпиада мен конкурс болды. Енді 175 іс-шара. Әр түрлі бағыттағы дарындылықты анықтау үшін өткізілетін жарыстардың саны ғана емес, сонымен қатар жарыстардың сапалық сипаттамалары да артты. Олар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды. Енді олимпиадалар мектептің мәртебесіне байланысты сараланады. Себебі тізімге ауылдық, сондай-ақ мамандандырылған және жекеменшік мектептер енгізілген. Сонымен қатар республикалық олимпиадаларға бастауыш (2-4) және орта (5-6) сынып оқушылары қатыса алады", - деді Каринова.

 
Қазақстандық жоғары оқу орындары да олимпиадаларды өткізе бастағаны жаңашылдықтардың бірі болып табылады, олар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге гранттар бөлуді және университетке қабылдау кезінде оқуға жеңілдікті ақы төлеуді көздейді.
 

Биылдан бастап мектеп оқушыларына арналған жоғары оқу орындарының олимпиадалары анықталды, олардың мақсаты мамандыққа тарту, кәсіптерді меңгеру үшін тереңдетілген білімді өлшеу, кәсіптік бағдарлау жұмыстары болып табылады", - деп атап өтті педагог.

 
Бұдан басқа, тізбеге педагогтарға арналған 33 олимпиада мен конкурс енгізілген, олардың нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілетін болады.
 
Олимпиадалар мен жарыстардың қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздарға тиісті дипломдар, қатысушыларға сертификаттар тегін беріледі. Бұл олимпиадалық қозғалыста дарындылықты дамытуды қолдау, ынталандыру үшін маңызды, дейді Каринова.
 

Сонымен қатар, білім беру қызметтері нарығында жеке ұйымдар жұмыс істейді, олар балаларға, мектептерге, мұғалімдерге, ата-аналарға әртүрлі ақпарат көздері арқылы өз қызметтерін ұсынады. Бұл қызмет көрсету саласы лицензияланбайды, ҚР БҒМ тарапынан ресми рұқсаттарды талап етпейді. Олардың қызметтері ақылы, оларға қатысу үшін ата-аналар өз қаражаттарын салады немесе басқа көздер тартылады. Айта кетейік, бұл жарыстардың деңгейі әр түрлі, олардың ішінде өте нашар ұйымдастырылатынын мұғалімдер де, мектептер де, ата-аналар да атап өуде. Сонымен қатар, балаларды дамыту тұрғысынан қызықты және танымдық болып өткізетін олимпиадалар да жоқ емес. Көбінесе бұл ұйымдар олимпиадалардың атауын министрліктің олимпиадаларының тізбесіндегідей етіп алады. Бірақ Білім және ғылым министрлігінің бұл ақылы жарыстарға ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан балалар мен олардың ата-аналары, мұғалімдер мен мектептер әр түрлі олимпиадалар мен конкурстарға балалардың қатысуын таңдағанда мұқият болуы керек. Өз қаржы қаражатын жұмсамас бұрын, ұйымдастырушының кім екенін, балаларды дамытуда қандай тәжірибесі бар, балалардың оларға не үшін қатысуы, қандай да бір конкурс немесе олимпиада оқушының дамуына не беретінін, олардың қандай дағдылар мен құзыреттерді дамытатынын және т.б. анықтау қажет", - деп ескертті вице-министр.

 
Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізетін зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарды "Дарын" республикалық орталығы, шығармашылық және көркемдік бағыттарды - Республикалық қосымша білім беру орталығы, спорттық бағыттарды – республикалық дене шынықтыру және спорт орталығы үйлестіреді.
 
Жалпы, олимпиадалар мен байқауларға қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Әр ата-ананың өзі баласының ақылы жарыстарға қатысуын немесе қатыспауын өзі анықтайды. Бұл ретте мұғалімдердің де, мектеп әкімшіліктерінің де, әдістемелік қызметтердің де ақылы іс-шараларды ұйымдастыруға, ақылы түрде қатысуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Егер мәжбүрлеу фактілері болса, білім беру сапасын қамтамасыз ету Комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгіну қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны