17.05.2022, 16:32 11761

БАҚ: экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті

Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы үйінде тінту жүргізілген кезде ауруханаға жатқызылды.
БАҚ: экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханаға түсті
Сурет: facebook/Арыстанбек Мухамедиулы
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы үйінде тінту жүргізілген кезде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады КТК телеарнасы музейге сілтеме жасап.
 
Бірқатар БАҚ бұрынғы мәдениет министрінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады, бірақ кейінірек оны жоққа шығарды.
 
Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құраған. Ал Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлады деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамадиұлы желідегі парақшасында өзіне қатысты негізсіз тексерулер басталғанын мәлімдеп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны