06.09.2021, 19:49 9809

Балалар инфекциялық ауруханасының бас дәрігері: Балалар - коронавирустың әмбебап тасымалдаушылары

АЛМАТЫ. 6 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы қалалық клиникалық балалардың инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Ержан Сералин коронавирус дертінің зардаптары туралы айтты.
 
Оның айтуынша, COVID-19 бейімделіп, мутацияға ұшырады. Егер өткен жылы Алматыда дерттің ауыр түрімен ауруханаға жатқызылған балаларды саны 10-15%-дан аспаса, онда биыл жаңа штамм инфекцияның ағымына және белгілеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
 

Балалар коронавируспен жиі ауырады, бірақ оларда ауруға ересектердегідей иммундық жауап жоқ, әдетте аурудың ағымы оларда жеңіл болады. Бұл балаларға сақ болу қажет емес дегенді білдірмейді, өйткені балалардың әлсіреген иммунитетпен дертті жұқтыруы, созылмалы аурулары болса, онда коронавирустың қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн", – деді бас дәрігер. 

 
Оның үстіне, балалар – коронавирустың әмбебап тасымалдаушылары, сондықтан ересектер жауапты болуы керек, вакциналанған болса да, қоғамдық орындарда бетперде мен әлеуметтік қашықтықты ескерген жөн.
 
Е. Сералин инфекцияға бір жасқа дейінгі балалардың да бейім екенін айтты. 
 

Жас шектеуі жоқ, көбінесе бұл мобильді жастағы балалар. Клиникалық көрініске келетін болсақ, егер өткен жылы катаральды белгілер басым болса, биыл катаральды синдроммен қатар асқазан-ішек жолдарының бұзылу жиілігі, сондай-ақ летаргия, аппетит пен температураның төмендеуі сияқты жалпы интоксикация белгілері байқалады. Біздің ауруханаға орташа ауырлықтағы балалар жиі түседі. Дерті асқынған балалар да болады. Әрине, дерттің ауырлығы мен барысы баланың бастапқы жағдайына, анамнезде бұрыннан бар аурулардың қатар жүруіне де байланысты екенін атап өткен жөн", – деді Е. Сералин. 

 
 Қалалық клиникалық балалардың инфекциялық ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, балалар дертті үйдегі ересектермен байланыс кезінде жұқтырады.
 

Балалар арасындағы дерт жұқтыру ересек тұрғындар арасында жұқтырудың артымен тікелей байланысты. Ересектер арасында жұқтыру төмендесе, онда балалар арасында індет жұқтыру да азаяды. Ал дерттің алдын алатын жалғыз тиімді жол, жалпыға ортақ вакцина салдыру. Сонда ғана біз өзімізді де, балаларымызды да қауіпті дерттен қорғай аламыз", – деп жалғастырды сөзін Е. Сералин. 

 
Балалардағы коронавирустың асқынуы пневмонияның өршуінен байқалады, жиі емес, бірақ қауіпті постковидты қабыну синдромы көптеген органдар мен жүйелердің зақымдайды. 
 

Біздің клиникада жұқпалы аурулардың жетекші мамандары мен реаниматологтар, мамандандырылған невропатологтар, кардиологтар, пульмонологтар, эндокринологтар, нефрологтар, хирургтар тәулік бойы байланыста болатын мультидисциплинарлы топ құрылды. Әрбір күрделі клиникалық жағдай талқылауға шығарылады. Қажет болған жағдайда созылмалы ауруларға қарсы терапиялық коррекция жүргізіледі. Біз әр балаға өте мұқият қараймыз, барлық қажет сараптамалар мен қосымша тексерулерді үлкен жауапкершілікпен жүргіземіз", – деді Е. Сералин.

 
Дәрігер адамдар көп жиналатын жерлерге, қоғамдық көлікте, кафелер мен сауда орталықтарына барғанда инфекция қаупі әлі де жоғары екенін еске салды. Сондықтан бұрынғыдай алдын алу шараларын сақтап, балаларға осыны үйрету қажет. 
 

Жақында, коронавирустан басқа, маусымдық ЖРВИ және тұмау аурулары белең алатын болады. Коронавирустан айырмашылығы, бұл инфекциялар балаларды аямайды және оларда ересектерге қарағанда ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, бүгінде балалардың қоғамдық орындарға баруын шектеуге тырысу керек және қажет болған жағдайда ғана олармен бірге болып, қоғамдық көлікте қашықтықты сақтау және медициналық масканы дұрыс тағу керек", – деп ұсыныс білдірді дәрігер. 

 
Естеріңізге сала кетейік, биыл қазақстандық оқушылар дәстүрлі оқыту форматына оралды. Алайда, білім беру ұйымдарына оқушылардың стихиялық ағылуына жол бермеу және балалар арасында инфекцияның таралу қаупін азайту үшін оқу процесі бір мезгілде үш бағыт бойынша жүретін болады.
 
Біріншіден, оқушыларды ата-аналарының өтініштері негізінде онлайн оқыту ұйымдастырылады.
 
Екіншіден, аралас оқыту көзделетін болады, онда негізгі оқу пәндері мектепте, қалғандары - онлайн-форматта (музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері) оқытылатын болады.
 
Үшіншіден, офлайн-оқыту негізінен 1-5, 9 және 11 сынып оқушыларын қамти отырып және 25 адамнан аспайтын сыныптармен ұйымдастырылады. Осылайша, білім басқармасы дәстүрлі оқыту форматына біртіндеп көшуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
 
Жаңа оқу жылы қарсаңында Kazakhstan Today агенттігі сауалнама жүргізді. Агенттіктің сайтында оқырмандарға: "Сіздің ойыңызша, балалар мектепке қайта оралуы керек пе?" - деген сұраққа жауап беру ұсынылды. Респонденттердің басым көпшілігі COVID-19 ауруының шыңы кезеңінде қашықтықтан оқытуды жалғастыру керек немесе ата-аналарға онлайн және офлайн оқыту арасында таңдау жасау керек деп санайды.
 
Ақпарат көзі: almaty.tv
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны