14.12.2022, 11:33 20321

Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртау" қызметіне тексеру жүргізуде

"АрселорМиттал Теміртау" бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралды
Бас прокуратура "АрселорМиттал Теміртау" қызметіне тексеру жүргізуде
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметіне тексеру жүргізуде, деп хабарлады Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Өскенбаев "АрселорМиттал Теміртау" бойынша келісімшарттық міндеттемелер қайта қаралғанын айтты.

Бұл ретте, қазіргі уақытта Бас прокуратураның басшылығымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізілуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - деді Қайырбек Өскенбаев.


12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында адам өлім-жітімі бар апаттар жүйелі сипатқа ие болғанын мәлімдеді. Аталған кәсіпорында 2006 жылдан бері 20-дан астам апаттан, 100-ден астам адам мерт болған. Осы жылдың өзінде ғана 14 адам, оның ішінде өткен аптада ғана 1 адам қаза тапты.

Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың есебіне сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңнамаларын бұзып отыр, инвестициялық міндеттемелерін орындамайды. Қоғам әділетті және кідіріссіз іс-шараларды күтеді. Бақылау тікелей Премьер-Министрге тиесілі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сондай-ақ, Үкімет отырысы барысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев "АрселорМиттал Теміртаумен" шығарындыларды төмендету бойынша жұмыс жүргізілгенін хабарлады, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

ЭГТРМ басшысының айтуынша, кәсіпорын ластау лимитін 243 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін немесе осы жылдың деңгейінен 13,5%-ға, ал былтырғы жылғы деңгейден 35%-ға төмендетілді.

Біз түбегейлі түрде қоршаған ортаға әсерді айтарлықтай азайту және аталған кәсіпорынды технологиялық қайта жарақтандыру жұмысын одан әрі жалғастырамыз", - деді С. Брекешев.


Еске сала кетейік, 3 қарашада сағат 03.03-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті Ленин атындағы шахтада газды дренаж ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде кенеттен газ бөлінді. Авариялық учаскеде болған бес адам қайтыс болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны