05.01.2023, 12:00 23766

Бас прокуратурада қаңтар трагедиясының салдарынан қаза тапқандар саны аталды

Қаза тапқандардың ең көп саны Алматыда
Бас прокуратурада қаңтар трагедиясының салдарынан қаза тапқандар саны аталды
Сурет: қаңтар трагедиясының құрбандарына арналған мемориал
Астана. 5 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс отырысында қаңтар трагедиясының салдарынан қанша адам қаза тапқанын хабарлады.
 

Төтенше жағдай режимі мен лаңкестікке қарсы операция кезіндегі шабуылдарды тойтару кезінде барлығы 238 азамат қақтығыстар кезінде қаза тапты. Олардың ішінде 41 адам бұрын сотталған. Сандық деректер сенімді, тергеу барысында қайта тексерілді. Оның ішінде, 67-сі шабуыл жасаушы, яғни жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікті деп танылды, 142-сі төтенше жағдай режимін және лаңкестікке қарсы операцияны бұзушы, 4-еуі басқа қылмыстарды жасауда қаза тапты", - деді Берік Асылов.

 
Оның айтуынша, ең көп қаза тапқан 151 адам Алматы қаласында. Көбісі Президенттің резиденциясына шабуыл кезінде қаза тапты.
 

Мұндай құрбандар Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларында да болды", - деді Бас прокурор.

 
Қаңтар күндері жасалған қылмыстар бойынша барлығы 5300 қылмыстық іс басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны