26.10.2022, 13:43 24811

Байланыс операторларына нашар интернет үшін 271 миллион теңге айыппұл салынды

Байланыс операторларына нашар интернет үшін 271 миллион теңге айыппұл салынды
Астана. 26 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Нашар интернет үшін қазақстандық байланыс операторлары шамамен 271 млн теңге төлеген. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Мәжіліс алаңында айтты.
 
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда байланыс операторлары үшін жауапкершілік күшейіп жатыр.
 

Менің білуімше, байланыс операторлары шамамен 271 миллион айыппұл төлеген. Біз тиісті заңнамаға өзгерістер енгіздік, байланыс сапасының параметрлерін бекіттік. Егер қандай да бір мәселе туындаса, біздің министрліктің байланыс комитетіне E-otinish жүйесі арқылы шағымдануға болады. Біздің аумақтық мамандар барынша көмектеседі. Егер сапа мәселелері бойынша бұзушылықтар болса, онда тиісті айыппұл салынады", - деді Әсет Тұрысов.

 
Сондай-ақ, ол қандай оператормен қолданатынын және қолданыс аясында қандай проблемаларға тап болғанын айтты.
 

Менде Activ бар. Негізінде менің қажеттіліктерім үшін қолайлы жұмыс істейді", - деп жауап берді Ә.Тұрысов.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны