Бекшин: Алматыда коронавирус бойынша жағдай тұрақтанды
Бұл төмендеу бүгінде Алматы тұрғындарының 46% иммундық қабатының қалыптасуына байланысты.
АЛМАТЫ. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирус бойынша жағдайдың тұрақтанғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Қала тұрғындары арасында ауру жағдайының төмендеуі 25 тамыздағы 1 605-тен 8 қыркүйекке 976-ға дейін тіркелді.
Тынышталуға әлі ерте, жұмысты жалғастыруымыз керек, дерт жұқтыру саны әлі де жоғары. Қала әлі де "қызыл" аймақта. Біздің міндет – дертті шектеу шараларын қолдану арқылы төмендету. Мұнда бәріміз жауапкершілік танытуға тиіспіз – кәсіпкерлер де, тұрғындар да", - деді Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері.
Бекшин бұл төмендеу бүгінде Алматы тұрғындарының 46% иммундық қабатының қалыптасуына байланысты екенін түсіндірді.
Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы күніне 3 мыңға жуық адам вакциналанады, бұл бір ай бұрын күніне 10-12 мыңға жуық адамға вакциналанғаннан әлдеқайда аз", - деді мегаполистің бас дәрігері.
Бүгінде вакцинациямен қамту бірінші компонентпен - 45% - 899 784 адамды, екінші компонентпен - 39% - 779 870 адамды құрады, бұл қалада індеттің таралуын тәулігіне 970-1200 жағдай деңгейінде ұстап отыр. Қала тұрғындарының алдында вакциналанғандардың санын мүмкіндігінше тезірек 75%-ға дейін және одан да көпке жеткізу міндеті тұр.
Ж. Бекшин вакциналардың тиімділігіне күмәндануды тоқтатуға шақырды. Оның пікірінше, егде жастағы адамдардың вакциналануы өте маңызды. Сонымен қатар, мегаполистің бас санитарлық дәрігері жастарды тәртіпке шақырды, өйткені олар – коронавирустың гипер таратушылары.
Біз вакциналар 100 пайыз қорғауды қамтамасыз етпейтінін түсінеміз. Алайда, олардың "дельта" штаммына қарсы тұруы 80%-дан асады. Вакциналанған алматылықтардың аурухана төсегіне 20 есе аз түсетінін атап өткім келеді", - деді Ж. Бекшин.
Жалпы, жыл басынан бері 137,2 мың КВИ жағдайы тіркелді, тамызда - 46,9 мың жағдай, қыркүйек айының басынан бері тіркелгені - 8 916 жағдай.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен тәулікте КВИ ауруының 976 жағдайы тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.