07.06.2021, 23:11 18703

Бекшин: Алматыда ұжымдық иммунитет 21% құрайды

Жүргізілген шаралар кешенінің, сондай-ақ Ashyq жұмысының нәтижесінде қалада КВИ бойынша тәуліктік өсім 6 есеге төмендеген.
АЛМАТЫ. 7 МАУСЫМ - Алматының Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин жүргізілген шаралар кешенінің, сондай-ақ Ashyq жұмысының нәтижесінде қалада КВИ бойынша тәуліктік өсім 6 есеге төмендегенін хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, мегаполистің матрицаның сары аймағына көшуіне қарамастан, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде.
 
Ол қалада КВИ аурушаңдығы жүргізілген шектеу шараларының нәтижесінде төмендегенін атап өтті: жаппай іс-шараларға тыйым салу, базарлардың, СОО-ның жұмысына, жазғы алаңдарды қоспағанда қоғамдық тамақтануға тыйым салу, демалыс күндері әлеуметтік байланыстарды төмендету мақсатында, сондай-ақ халықты вакцинациялау нәтижесінде.
 

Өткен кезеңде 316 407 адам вакцина алды, бұл қала халқының 16%-ын құрайды, ауырып жазылған адамдар 5%, соның арқасында 21%-дық ұжымдық иммунитет қалыптасты", - деді Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері.

 
Жалпы, вакцинаны 60 жастан асқан 32 758 немесе 12%-дан астам адам салдырды.
 

Ashyq жүйесін енгізу арқылы аурудың төмендеуіне шағын және орта бизнес нысандарын мониторингтік топтардың жүйелі бақылауы әсер еткен. Сондай-ақ қоғамдық орындарда (кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, балалардың ойын алаңдарында) профилактикалық дезинфекция жүргізу оң нәтиже берді", - деп бөлісті санитариялық дәрігер.

 
Ж. Бекшиннің мәліметінше, жоба басталғаннан бері Алматыда өз мәртебесін сканерлеу нәтижелері бойынша 1235 тұрғынның "қызыл мәртебесі" расталды, 298 тұрғынның "сары" мәртебесі анықталды.
 
Жобаның тағы бір артықшылығы – мобильді қосымшаның көмегімен үй карантинін бұзбай "қашықтан" тексеру мүмкіндігі бар. Осылайша, қосымшаның арқасында Алматыда 649 тұрғынның қызыл мәртебесі, 144 тұрғынның сары мәртебесі расталды.
 

Жүргізілген шаралардың, сондай-ақ Ashyq жобасының нәтижесінде КВИ бойынша тәуліктік өсім 6 есеге төмендеді. Соңғы тәулікте Алматыда мамыр айының алғашқы күндерінде 605 – 608 жағдайға қарсы КВИ-дің 143 жағдайы тіркелді", - деді Алматы қаласының мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин.

 
Ол кәсіпкерлерді жоба талабына адал болуға, белгіленген шектеулерді сақтауға шақырды, өйткені жоба карантиндік жеңілдіктермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны